Шыңғырлау ауданындағы кездесулер

Бүгін аудандық мәдениет үйінде мақсатты топтардың,жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған «Діни сауаттылық- болашақ кепілі» тақырыбында шара оздырылды.
Шараның негізгі мақсаты -дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, діни мәселелер бойынша жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету, деструктивті діни ағымдар мен дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түсіп кетпеудің алдын алу.
Шараның шақырулы қонақтары- Ақтөбе медресе колледжінің директоры, исламтанушы, дінтанушы магистр Әбдімүтәліп Дәуренбеков,
Ақтөбе медресе колледжінің тәрбие ісі меңгерушісі, дінтанушы магистр Бауыржан Дастанұлы,Орал орталық мешітінің найб имамы, «Ақниет» қоғамдық қорының теолог маманы Наурыз Убаевтар.
Жалпылама отырыстан кейін спикерлер
«Дін, қоғам және мемлекет» тақырыбында қатысушы ұстаздарға дәріс жүргізсе,»ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы, қоғамдағы діни ахуал және дәстүрлі діннің басқа діндерден айырмашылығы» тақырыбында аудандағы діни бірлестік өкілдерімен тәжірибе алмасу жұмыстарын және
«Қауіпті интернет. Діни фанатизмнің даму себептері» тақырыбында колледж студенттері мен мектеп білім алушыларына мазмұнды пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Шыңғырлау аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған