Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры еліміздегі барлық мешіттерде «Қостанайға шұғыл көмек» қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция барысында Қостанай облысында зардап шеккен жандарды қолдау мақсатында бірнеше күн ішінде қаражат жиналды. Осыған орай ҚМДБ Төрағасының кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Бидахметұлымен кездесіп, Қостанайға көрсетілген қаржылай көмек бойынша ақпарат алмасты.
Кездесу қорытындысында ҚМДБ басшылығы «Қостанайға шұғыл көмек» қайырымдылық акциясы нәтижесінде жиналған қаражатты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына арнайы тапсырды.