УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық орталық «Нұр» мешітінде «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында имамдарға арналған семинар-тренинг өтті.

Өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Сыр имамдарының басқосу жиындарында діни басқарманың жұмыс бағыттарының бірі – уағыз-насихат саласын жетілдіріп отыруды басты назарда ұстауды ескертіп отырады.

Осыған орай, «Нұр» мешітінде өткен оқыту семинарында “Ихсан және насихат” бөлімінің облыс бойынша жауапты өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев қала имамдарына уағыз айтудың қыр-сыры, этикасы мен мәдениеті, мешіт қызметкерлерінің біркелкі киім тәртібі мәселесіне тоқталды. Дін қызметкерінің киімі де, айтар сөзі де әдеп пен мәдениетке сай болуын, киімінің тазалығына, жарасымдылығына көңіл бөліп, күнделікті уағыз айтудың әдебін де жақсы білу қажеттігін атап өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі