Жақында Теректі ауданы, Подстепный ауылдық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқауға» үміткерлер жолдау үшін іріктеу сайысын өткізді.
Сайысқа. 50-ден астам үміткер бақ сынасты.
Іс-шарада үміткерлерді сынап, қазылар алқасында “ Ар-Рахман” мешітінің ұстазы Махмут қари Абжаппар, Орал медресе-колледжінің ұстазы Ерлан Кенжин мен Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің ұстазы Ринад Акимов қазылық етті.
Үміткерлер байқауда оза шауып, құранның 30-шы парасын оқу номинациясы бойынша 1-орынды Есенжан Ринат иеленсе, 2-орын Арсен Орынғалиев, 3-орынды Хамит Әлдәулет алды.
Алланың сөзін жаттаған, ынталандыру сыйлықтары Әжмұрат Аслан, Ибат Иброхим, Каспи Абдуғаппар, Мейрамбек Мажитовке берілді.
Сайысты жоғары деңгейде өткізген “Ар-Рахман” мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаевқа шексіз алғысымыз білдіреміз.
Айта кетейік, қыркүйек айында 1-ші орын алған жеңімпазымыз республикалық жарысқа жолдама алған үміткер үлкен сайыста Батыс Қазақстан облысынан намысын қорғайтын болады.
Қаржылай, бағалы сыйлықтар берілді.
Орталық баспасөз қызметі