Батыс Қазақстан облысы тағы бір жаңа мешітпен толықты.
Қыркүйек айының 20 жұлдызында облысымызға қарасты Сырым ауданы, Шағырлой ауылында жаңа Абай мешіттің ашылу рәсімі салтанатты түрде аталып өтті.
Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген жиынға ҚМДБ-ның БҚО-ның бойынша бас имамы Бақытжан қажы Құралбайұлы, облыстық орталық мешітінің наиб имамдары, қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары, мешіттің ақсақалдары Нәдір қажы Абдукаев пен Бақтияр қажы Құсайынов қатысты.
Алдымен Бақытжан қажы Құралбайұлы ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгілік пен қайырымдылықтың ғасырлар бойы өшпейтінін айта келе, игі іске ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Батыс өңіріндегі мешіттердің көбейіп келе жатқандығы алдымен мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып жатса, екіншіден,бейбіт елімізде Ислам дінінің өркен жайып келе жатқандығының көрінісі екенін жеткізді. Мешітке атсалысқан иманды азаматтарға ризашылықтарын
Ауыл аса үлкен болмаса да, 100-150 адамға арналған жаңа мешіттің іші замануи талапқа сай салынған, әйелдер мен ерлер залы, имамға арналған бөлмесі бар.
Жаңа нысанның лентасын облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан қажы Құралбайұлы мен қиып, имандылық ордасының іші мұсылман жамағатына толуына тілек білдірді.
Жаңа мешіттің имамы Абылай Арманға баспана сыйлап, қаржылай көмек берілді.
Жиын соңында ауыл адамдарына ас беріліп, спорттық ойындардан жарыс өткізіліп, ел-жұрт мәре-сәре болды.
Облыс имамы атынан, аудан, ауыл әкімдерінен алғыс хаттар табысталды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі.