Теннистен турнир өтті

Жақында «Жұбан молда» мешітінің имамы Мақсат Рысқалиевтің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мен Переметный тұрғындары арасында үстел теннисінен турнир өтті.Турнир аудандық дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде болды. Мешіт жамағаты мен Переметный тұрғындары қызу дайындықтан соң, жеребе тарту арқылы үш топқа бөлінді.«Бұл жарысты ұйымдастырудағы мақсат мешіт жамағаты мен Переметный тұрғындары арасында таныстық қарым – қатынас орнату, жамағат арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Әлсіз мұсылманнан әлді мұсылман артығырақ» деген. Сондықтан үнемі спортпен айналысып, денсаулығымызды күтуіміз керек.Бүгінгі турнирге қатысып отырған жамағатпен ауыл тұрғындарына сәттілік тілей отырып, алғысымды білдіремін» деді шара барысында сөз алған бас имам Мақсат Рысқалиев.Одан әрі үш топқа бөлінген қатысушылар турнир көркін қыздыра түсті. Әр топтан екі ойыншы жартылай финалға жолдама алып, тағыды жеребе тарту арқылы ойын нәтижесінде финалға шыққан ойыншыларда анықталды. Финалға шыққан үш ойыншы өзара бір – бірімен кездесу арқылы мықтыны анықтады. Жеңімпаз Переметный тұрғыны Дәрібек Ертілеуов болса, бас имам Мақсат Рысқалиев II орынды, мешіт жамағаты Амангелдіұлы Ерназар III орынды қанағат тұтты. Турнир қатысушылары жұп құрай отырып, жарысу арқылы жұптық сайыстанда өзара үздіктерді анықтады.Турнир қатысушылары Қанат Шынарбекұлы «Ардагер ойыншы», Ғайни Нұрхат «Жас ойыншы» номинацияларымен марапатталды.
Мешіт асханасында жамағат пен ауыл тұрғындарына дастархан дайындалып, шараға қатысқан ойыншыларды марапаттап, сыйлықтар табыс етілді. Дастархан басында бас имам уағыз, насихат айтып, бүгінгі турнирде төбе көрсеткен барша азаматтарға алғысын білдірді.
Бәйтерек ауданы «Жұбан ата» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған