Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен, Сырым аудандық мешітінің қолдауымен облыс, қала, аудан имамдарына арналған семинар болып өтті.
Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бірқатар құжаттарды кеңінен насихаттау екендігін тілге тиек етті.
Атап айтар болсақ, “Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы”, “Имамның тұлғалық келбеті”, “Мұсылманның тұлғалық келбеті”, “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы”, “Діни қызметкерлер атқаратын діни рәсімдер тізілімі”, “Жеті рухани қазық” рухани тұғырнамасы, “Ас беру мәдениеті”, “Зират және зиярат”, “Зияткер имам” тұғырнамасының мақсат-міндеттері туралы айтылып, әр саланың жауапты мамандары сұрақ- жауап арқылы кеңінен насихатталды. Соның ішінде Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Серік Мұстафин, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің наиб имамы Әсет Романқұлов пен азаншысы Әзілхан Бисенғалиев баяндама жасап, тұшымды жеткізді.
“Біздің мақсатымыз – имамдарды жан-жақты дамыту, тұлғалық бағытын жетілдіру. Мүфтият қабылдаған құжаттардың қай-қайсы да қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі