Шәкірттер диплом алды

ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы бойынша “Ар—Рахман” мешітінің ұйымдастыруымен «Орал» медресе-колледжінің биылғы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға БҚО бойынша бас имамы Самат Алибаев пен «Орал» медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Рахманов пен ұстаздар, сондай-ақ облыстық, қалалық мешіт имамдары қатысты.

Бас имам Самат Қанатқалиұлы шәкірттерге Алла үйінде қызмет жасап, мол сауаптардан жазылатының жеткізіп, ақ жол тіледі.

Медресе директоры Талғат Искалиев білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, жақсы маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде шәкіттер білім берген ұстаздарына шексіз алғысын айтып, медресе ұстаздарына құрмет көрсетті.

Шарада әсем әндер айтылып, ақ тілектер айтылды.

Айта кетейік, биыл «Орал» медресе-колледжін 9 түлек тәмамдап отыр. 2 шәкірт үздіктер қатарында. Ал тоғыз шәкіртте Діни басқарма бұйрығымен имам қызметін атқарады.Болашақ имамдарға екі дүниенің бақытын бұйырсын!

Нұрлан Саматұлы