Құрбан айттың үшінші күні республика бойынша 23 568 мұқтаж отбасыға және 100 мекемеге құрбандық еті жеткізілді.
Айттың соңғы күні Республика бойынша 6 387 қой, 114 ешкі, 358 ірі қара және 4 түйе шалынды. Сонымен қатар еліміз бойынша qurban2023.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебі, яғни, атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.
Еске сала кетейік, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта атқарылды. Шалған құрбандық, ізгі ниет қабыл болсын!