Бөрлі аудандық мешітінің басимамы Ерденбек Жанұзақұлы Ихсанов мешітте Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап Құран оқып, дұға жасау рәсіміне қатысты. Еліміздің мешіттерінде Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап бір мезгілде Құран оқып, дұға бағыштау өткізуге ниет білдірді. Осыған орай бүгін Бөрлі аудандық мешітінде жамағатпен бірге дін қызметкерлері Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен сарбаздардың және отан қорғау жолында шейіт болған боздақтардың рухына арнап қасиетті Құран аяттары оқылып, дұға жасалды. «Ер есімі – ел есінде» тұтастай жұрт саулығы мен тыныштығы үшін жанын құрбан еткен сарбаздар рухы шат болғай! Әумин!
Баспасөз қызметі