Жидда қаласында Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігінің ұйымдастыруымен қажылардың діни рәсімдерін жеңілдетуге және қызмет сапасын арттыруға арналған халықаралық симпозиум өтті.
Қажылық және умра министрі Тауфиқ Ар-Рабия қажылыққа әр түрлі мұсылман мемлекеттерінен келетін қажылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, оларға қолайлы жағдай жасау бойынша Сауд Арабия Корольдігі Үкіметінің атқарып келе жатқан іс-шаралары жайлы баяндады.
Халықаралық симпозиумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, баяндама жасады. Ершат Ағыбайұлы әуелі симпозиум қатысушыларына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі тілегі мен ниетін жеткізіп, қажылардың діни рәсімдерін жеңілдетуге арналған шариғат қағидаларын, Ислам ғұламаларының осы саладағы көзқарастарын алға тартты.