ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Әлібаевтың бастамасымен Ар-Рахман” мешіті мен Орал қалалық Түлбаев Мұхаммед-Ғариф»атындағы мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен «Әке мектебі-отбасы тірегі» тақырыбында мешіт жамағаты жанұяларымен бірге рухани шаралар өтті.
Шарада ата-ананың тәрбиесі мен балалардың тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу жайында сөз болып, ортақ ойлар айтылды.
Шығармашылық байқау өткізіліп, сұрақ-жауаптарға тұщымды жауаптар айтылды.
Ұрпақтарымызға имани тәрбие беріп, алланың үйіңе әкеліп, рухани ортадан қалдырмай, діни білімге әкеліп жүрген ата-анаға бас имам Самат Алибаев алғысын білдіріп, құран сыйға берілді.
Иманды, білімді ұрпақтарымыз аман болсын!
Осындай игі шаралар облыс, қала, аудан мешіттерінде жалғасуда .
Баспасөз қызметі