Ар-Рахман мешітіне наиб имам тағайындалды

Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы, «Ар-Рахман” орталық мешітіне Ерлан Айтенов жаңадан наиб имам болып тағайындалды.

Орал медресесінің алғашқы түлегі. Жоғары білімді наиб имам.

2012-2014 жылдар аралығында Бәйтерек ауданында бас имамы болса,
2014-2021 жылдар арасында Ақжайық ауданында бас имам болды.

2021-2023 жылдары Бөрлі ауданында бас имам қызметін атқарып келді.

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, Ар-Рахман орталық мешітінің бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Бауыржанұлы асыл дініміз Исламды насихаттауда аянбай абыройлы қызмет етуіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жаңа қызметке білек сыбана кіріскен имам өзіне тапсырған дін аманатын сеніммен ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Отбасылы, бір қыз бен үш ұлы бар.

Нұрлан Саматұлы