ИМАМДАР «ДІНИ ОҢАЛТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯ» СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен наиб имамдары «Діни оңалтудағы стратегия» семинарына қатысты.

Қалалық «Нұр» мешітінде өткен шара имамдар мен теологтардан құралған АТТ мүшелеріне арналды.

Семинар барысында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жандәулет Сүлейменов жеке кездесуде адамның психологиялық жай-күйін ескеру және кері ағымдармен күресу механизмдері бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Одан әрі семинарға қатысушылар кездесуде қарым-қатыныс орнату аясында ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі