Атырауда «I-QUP» рухани – интеллектуалды сайысы өтті (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің қолдауымен ерікті жастардың ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды сайысқа облыс имамдары мен жастар жамағаты қатысты.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, рухани-зияткерлік сайыстың негізгі мақсаттары туралы айтты.

«Асыл дініміздің өркендету, рухани ағартушылық жұмыстары арқылы – қоғамда саналы тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келеміз. Әрине, адам оқып, білім алып, ізденуі қажет» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сайысқа барлығы 25 команда қатысты. 6 турдан тұрған кезеңде қатысушыларға діни, тарихи, логокалық сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Әт-Тақуа мешіті, екінші орынды «Ихсан» мешіті, үшінші орынды Мақат ауданы орталық мешіті еншіледі. Жеңімпаздар сый-сыяпаттармен марапатталды.

https://youtube.com/watch?v=gdSxrbpURjc%3Ffeature%3Doembed