Кеше ҚМДБ-ның тапсырмаларын жергілікті аудандарда талқылау, діни басқарма бекіткен тапсырмаларды кеңінен айтып, алыс аудандардағы жамағатқа насихаттау, аудан, ауыл мешіттерінің хал жағдайымен танысу мақсатында ҚМДБ-ның БҚО бойынша «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат қажы Алибаев Жаңақала аудандық мешітіне арнайы келді.
Алдымен аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев арнайы қабылдап, ауданның діни ахуалымен, халықтың тыныс тіршілігі, жалпы ауданда жағдайымен таныстырды.
Сапар барысында ауданның бас имамы Жомарт Лұқпанов аудан көлеміндегі атқарылған істерін баяндап, мешіттің ұйымдастыруымен отбасы төмен жандарға азық-түлікпен қайырымдылық шарасына бас имам қатысты.
Имам-молдалардың жұмысын көріп, тыныс-тіршілігімен танысты.
Бас имам отбасы мерекесіне орай ауданның жас отбасылармен кездесті.
«Отбасының бірлігі» жайында уағыз насихат айтылды.
Көпшілікпен пікір алысып, сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында аудан көлеміндегі асыл дініміздің жанданып жатқандығын тілге тиек етті.
Жиналған қауым Бас имамға келелі кездесуге келгені үшін алғыстарын айтты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ