Бас имам медресе-колледждің студенттерімен кездесті

Бүгін облыстық » Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Алибаев
«Орал» медресе-колледжінің з курс шәкірттерімен жүздесіп, сұхбат құрды.

«Білім алып, ғылым игеру асқан сабырлылық пен ынта-ықыласты қажет етеді. Руханият қызметшісі болуды мақсат еткендіктен, осы жолда талмай-тынбай еңбек етіп, тер төгуіңіз керек. Сіздер сол мамандық адал иесіздер. Міндеттеріңіз – қазақ халқының тарихымен сабақтас ислам діні құндылықтарын насихат етіп, ел руханиятын ӨЗ үлестеріңізді қосуларыңыз керек» деді Самат Қанатқалиұлы.

Асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелер міндет пен абыройдың да салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет қылуға үндеді.

Жас мамандарға аудан мен ауыл мешіттерінде еңбек етуге шақырды.

Нұрлан САМАТҰЛЫ