ҚМДБ-ның БҚО бойынша «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Алибаев Тасқала ауданына арнайы іс-сапармен барды.
Алдымен бас имам Самат Қанатқалиұлы Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Талғат Асқарұлымен кездесіп, діни ахуалы жайында сөз қозғады.
Кездесуден кейін ауданда жаңадан бой көтеріп жатқан аудандық мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алла үйінің жазғы жұмыстарымен танысып, тыныс-тіршілігін бақылап, дайындығын пысықтады.
Іссапар барысында Самат Қанатқалиұлы аудандық мешітінің жамағатымен, «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып, бесін намазын бірге оқып, елдің амандығын үшін дұға жасады.
Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Құлтөре Нәжімеденовтың қызметін жоғары бағалап,
алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Нұрлан САМАТҰЛЫ