Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниетімен мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделген. Мейірімділік адам баласының ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып табылады. Шәкәрім Құдайбердіұлы мейірімділік турасында – мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады дей отыра мейірімділіктің шынайы ықыласпен адамның адамдығынан келетін іс екендігін айтып отыр. Адамның бойындағы мейірімділік сипаты имандылыққа басқалардың ала жібін аттамай қоршаған ортаға жақсылық жасауға үйрететін асыл қасиет. Асыл дінімізде Алла тағала құранның көптеген жерінде өзің Рахман және Рахим есімдерімен біздерге өз өзің танытады. Осылайша Алла біздердің де қоршаған ортаға рақымды мейірімді болғанымызды қалайды. Алла тағала қасиетті құранда Ниса сүресі 110 аятта былай дейді: «Біреу бір жамандық немесе өзіне зияндық істесе, содан кейін тәубеге келіп Алла тағаладан кешірім тілесе, Алла тағала аса кешірімді, ерекше рақымды екенің білер еді.» дей отырып Алла тағаланың аса рақымды өз құлдарына аса мейірімді екендігін білеміз. Келесі бір аятта Алла тағала өзінің сүйікті құлы әрі елшісі ардақты пайғамбарымыз Мухаммед саллаху алейхи уәс сәлләмға Әнбия сүресінің 107 аятында «Мухаммед саллаху алейхи уәс сәлләм Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік» деуінің өзі ардақты пайғамбардың бүкіл ғаламға рахмет етіп яғни мейірімділікпен жібергендігін анық ашық дәлелі болып отыр.
Абай атамызда өзінің өлең жолдарында Адамды сүй, Алла хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?! – деп адамның адамға мейірімділік танытуын тілге тиек еткендігі байқалады.
Алла тағалың жаратқан жаратылыстарының ішіндегі ең ардақтысы адам баласы оның дәлелі ретінде Алла тағаланың Бақара сүресінің 30 аятында Мен жер бетіне орынбасарымды жаратамын яғни біздерді адам баласына жаратуы келесі бір аятта Исра сүресінің 70 аятында Алла тағала Адам баласын ең ардақты жаратылыс қылып жаратқандығын былайшы баян етеді: «Біз шыңында адам баласын ардақтадық. Оларға құрлықта да, теңізде де көлікпен жүруді нәсіп еттік. Әрі оларға жақсы тағамдар жібердік. Олардың жаратқандарымыздың көбінен үстем етіп артықшылық бердік». Расында Алла тағаланың адам баласына мұнша көп нәрселерді беруінің өзі үлкен бір мейірімділік, рахмет, махаббаты болып табылады.
Алла тағала бүкіл жаратылысқа өте мейірімді, рақымды, өзінің шапағатымен сарқылмас нығметтерін біздерге беруде Алла тағаланың нығметтерін санар болсақ оның шетінмен шегіне жете алмайтындығымыз қасиетті құранның аяттарында айтылған. Алла тағаланың мейірімділігін, рахметін, махаббатын ардақты пайғамбарымыз Мухаммед саллаху алейхи уәс сәлләм адамдардың назарын аудару мақсатында анасының баласына қарсы мейірімділігін, рахметін, махаббатын былайша баяндаған. Пайғамбарымызға бір ғазауаттан (соғыс, жорық) соң бір топ тұтқындарды алып келеді. Сол тұтқындардың арасында бір әйел адам тұтқындардың ішінен өзінің баласын іздеп жатырғанын көреді. Әлгі әйел баласын тауып оны құшақтап, бауырына басып емізді осы жағдайды көрген пайғамбар сахабаларына қарап
– бұл әйел адам баласын отқа лақтырады десем сенесіздер ме? деп сұрайды.
сол кезде сахабалар
– жоқ. деп жауап береді.
Осы жауапты естіп ардақты пайғамбарымыз
– біліңіздер Алла тағаланың құлына болған рахметі бұл ананың баласына болған мейірім, махаббатынан әлде қайда көп, екендігін айтып өткен
Демек ананың баласына деген мейірімділік, сүйіспеншілік, махаббатынан Алла біздерге яғни адам баласына деген мейірімділік, сүйіспеншілік, махаббаты әлде қайда жоғары екендігі анықталады. Алла өзінің мейірімділігін көрсете отыра біздерге бұдан алатын өнеге біздерде тура осылай бір бірімізге мейірімді болуымыз керек. Алла тағала баршамызға мейірімді болып қиямет күнінде Алланың сүйікті құлдарынан болып кәусәр бұлағынан сусындауды баршамызға нәсіп еткей.
Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Кенжин Ерлан