Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы басталғалы бері мешіттерде он екі күн ішінде 1 214 040 адамға ауызашар берілді.
Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудан, ауыл-аймақтарда орналасқан 697 мешітте күнделікті 101 170 адамға ауызашар дастарқаны жайылуда.
Ауызашарға қарттар, балалар, мүгедектер үйінен келген жандар, сонымен қатар көпбалалы ата-аналар, жалпы көмекке мұқтаж азаматтар қатысуда.
Айта кетейік, аталмыш мешіттерде Рамазан айының соңғы күніне дейін Алла Тағаладан сауабын үміт етіп ораза тұтқан ағайынға ауызашар беріледі.