Жалпы алғанда шланг жұту оразаны бұзбайды. Өйткені, оразаны бұзу үшін шланг толығымен ішке кіруі тиіс. Ал, бұл жағдайда шлангтың бір бөлігі сыртта қалады. Дегенмен, шланг арқылы асқазанға бір нәрсе түссе оразаны бұзады.
Имам Ибн Абидин: «Егер адам ағаш немесе ұшына тамақ байланған жіп жұтса, оның бір ұшы сыртта қалып және заттан іште бір бөлігі қалмаса ораза бұзылмайды. Себебі ораза бұзылуының шарты – іште қалу» [1], – деген.
Осыған орай шлангқа дәрі жағып, жұтқызатын болса, дәрінің кейбір бөліктері іште қалса, оразасы бұзылып, бір күн қазасын өтейді.
«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан
[1] «Хашия Ибн Абидин», 3/369.