Құмар ойын ойнаудың үкімі қандай?

Жауап: Құмар – кездейсоқ сәттілікке үміттеніп ұтыс мақсатымен ақша, құнды зат тіге отырып ұту немесе ұтылу. Шариғатымызда құмар ойындарға қатаң түрде тыйым салынған. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар»[1].         Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біреу бауырына «кел, құмар ойын ойнайық» десе, садақа берсін»[2], – деген.

Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса харам, үлкен күнә саналады.