РАМАЗАН АЙЫНДА АУҚЫМДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

«Бірде бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қай садақа қайырлы?» деп сұрағанда: «Рамазан айында берілген садақа» деп жауап берген екен.

Сондықтан осы айда мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмектесіп, олардың алғысы мен батасын алуға асыққан абзал. Діни басқармаға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті Рамазан айында бірнеше қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәбәрік» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырады. Барша халықты сауапты істерімізге үлес қосып, жақсылықтың басы-қасынан табылып, белсенді түрде атсалысуға шақырамын» деді ҚМДБ Төрағасы.