Бүгін Айжайық өңірінің бас имамдары өз сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
«Елдің бірлігі мен болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Бүгінгі сайлау жұртымызды ортақ мақсатқа біріктіретін игі іс-шара болды.
Алла Тағала халқымыздың тілеулерін қабыл, болашағымызды жарқын еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Мемлекетіміз әрқашан өркендей берсін. Әмин!»