Рамазан айының құрметіне орай Ақжайық өңірі мешіттерінің имамдары мен жамағаттары сенбілікке шығып, құлшылық ордасы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Облыс,қала, аудан,ауыл мешіттерінің айналасы түгелдей ретке келтіріліп, құлшылық ордасының іші де мұнтаздай қалыпқа енді. Кір-қоқыстан арылып, құлшылық ордасының сыртқы сәулеті бұрынғыдан да көріктене түсті.
«Орал» орталық мешіті – тазалық пен тәртіптің жарқын үлгісіне айналған құлшылық ордаларының бірегейі. Қар ерігеннен кейін пайда болған қоқыстан тазартуды жөн санаған мешіт қызметкерлері ұжым болып мешіт айналасын тазалауға атсалысып қайтты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі