Мешіттегі рухани шара

Орал облыстық орталық мешітінде ҚМДБ БҚО өкілдігі қолдауымен «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен “Қазақтың анасы бар әлемімен әдемі” атты облыстық асыл аналар сайысы өтті.

Шараның мақсаты: Асыл аналарымыздың үлгілі өмірін өнеге ете отырып, дін мен дәстүрді ұштастырып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие, рухани азық беру.

Шара барысында мешіт шәкірттері қыз баланың дүниеге келгенінен бастап орындаған өмірлік миссиясын көлеңкелі көрініс арқылы сахналады.

Құран Хафизы және қырағаттар иджаза иегері, тәпсір маманы, исламтану магистрі – Байғазиева Бақытгүл ұстазымыз Құрандағы есімі аталған аналарға қатысты аяттар тәпсірінен Сара анамыз бен Мәриям анамыздың оқиғаларының хикметін уағыз-насихат арқылы жеткізді.

“Әжелер мектебінің” белсенді мүшесі Айгүл әжеміз Көрісу айттың шығу тарихын, сондай-ақ ұлттық тағам түрлерін таныстырып, қазақтың етін мүшелеп, табақ тарту дәстүрі жайлы баяндады.

“Қазақтың анасы бар әлемімен әдемі” атты облыстық асыл аналар сайысында қатысушылар өздерін таныстырудан соң, жеребе бойынша Құранда келетін сүрелердің мағынасын ашып, арабшасын жатқа айтты.
3-кезеңде Тақырыптарға сай хадис пен мақал-мәтел айтудан сынға түсті. 4-кезеңде дін мен дәстүр байланысқан әдет-ғұрыпты дәлелдерімен баяндап берді.
Соңғы кезеңде отбасылық дәстүрге айналған бір шарасын бейнеролик арқылы көрсетті.

1-орынды Шыңғырлау ауданынан Агафирова Суфия, 2-орын Орал қаласы Амангалиева Зульфия, 3-орын Жәнібек ауданы Құсайынова Сая иеленді. Жаңақаладан келген Тлешова Индира, Бәйтеректен Утепова Зульфия, Оралдан Таубаева Мехрибан және Мұханбет Роза ханымдарға алғыс хат табысталып, барлық қатысушы бағалы сыйлықтармен, сертификат және тәтті букеттермен, дипломдармен марапатталды.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан спикерлерімізге, әділқазы алқаларына да сыйлықтар беріліп, алғыс білдірілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі