Наиб мүфти Әжелер алқасымен дидарласты

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған «Әжелер алқасының» мүшелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Ершат Ағыбайұлымен жүздесті. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы әжелермен таныстырып, атқарып жатқан нәтижелі жұмыстарын тілге тиек етті. 

Кездесуде наиб муфти биылғы «Ислам және ізгі қоғам» жылы туралы, оның мақсаты жайлы атап өтті. Осындай діндар әжелеріміздің жастарға уағызы, ене мен келін мәселесінде берер ақыл-кеңесі керектігіне тоқталды. Телефоннан бас көтермейтін көпшілікті бұрынғы әжелердің жолымен насихаттау қажеттілігін жеткізді. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі