Наиб мүфти «Дін мен дәстүр» мұражайын аралады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Ершат Ағыбайұлы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы орталық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған «Дін мен дәстүр» мұражайын аралады. 

«Әжелер алқасының» мүшелері мен төрайымы Жәмилә Жұмабаева мұражайдағы облыс деңгейінде жиналған көне бұйымдарды таныстырып, өңірдегі барлық ақ жаулықтылардың атсалысқанын атап өтті. 

Әрбір бағалы бұйымдар жайлы ақпарат беріп, көпшілік қазақ үйдің ішінде сұқбат құрды. Сонымен қатар әжелер алқасының құрылудағы мақсатын, атқарып жатқан жұмысын, міндеттерін сөз етті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі