Наиб мүфти Жамбыл жамағатына жұма уағызын айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Ағыбайұлы Жамбыл облысына жасаған сапарында орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жұма уағызын жүргізді. 

Тараз шаһарының жамағатымен жүздесіп, «Біз және ғаламтор» тақырыбында уағыз айтқан наиб мүфти ең алдымен әлеуметтік желі әдебіне тоқталып, жас жеткіншектің желіге байлануынан сақтану қажеттігін ескертті. 

Өз сөзінде: «Бала жыламауы үшін әркез қолына телефонды ұстатып қойып, қалаған ойынын ойнап, қалаған парақшларды көруіне мүмкіндік беруге болмайды. Балаға қажетіне қарай белгілі бір арнайы бөлінген уақыттарды ғана ойын ойнауына мүмкіндік беру қажет. Оның өзінде баланың санасын дамытатын ойындар болғандығы жақсы. Әйтпесе ғаламтордың онлайн ойындары негізінен атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды ойнаған бала психологияслық түрлі дерттерге де ұшырауы ықтимал. Тіпті оның жүрегендегі рақымдылық пен мейірімділікті жойып, қатігездік сезімдерін оятып, оның арты түрлі қылмысқа апаруы да мүмкін» – деп атап өтті Ершат Оңғар. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі