БАС МҮФТИ НАУАН ХАЗІРЕТ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы ағартушы ұстаз, дін қайраткері Науан Хазірет Таласұлының кесенесіне зиярат жасап, баба рухына Құран аяттарын бағыштады.

Бас мүфтимен бірге зияратқа ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Науан Хазіреттің ұрпақтары, белгілі науантанушы ғалымдар арнайы барды.

Айта кетейік, бүгін Көкшетауда Науан Хазіреттің 180 жылдығына арналған республикалық конференция өтті.

Наурызбай Таласұлы 1843 жылы Көкшетау округі Мезгіл болысының Жылкелді ауылында дүниеге келген. Наурызбай Таласұлы алғашқыда ауыл мектебінде оқып, кейін Қызылжар қаласындағы медресені оқып бітірген соң, дарынды бала ретінде Бұхарадағы Көкілташ діни семинариясында оқып кейін білімін Бағдатта жалғастырған.

Дін білгірі елге келген соң шәкірт тәрбиелеп, асыл дінге қызмет етті. Науан Хазірет 1916 жылы 73 жасында дүние салып, Қопа көлінің жағасындағы мұсылмандар зиратына жерленген.