«Шарапаты мол шағбан айы»

«Бірлік» қоғамдық бірлестігі мен Теректі аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Шарапаты мол Шағбан айы» тақырыбында рухани кездесу өтті. Бараат түнінің қарсаңында өткен жүздесуге Орал, Ақсай қалаларынан, Долин және Теректі ауылдарынан қыз-келіншектер қатысты. Теректі аудандық мешітінің ұстазы Анаргүл Темірболатқызы жамағатқа Шағбан айы туралы толығырақ мағлұматпен бөлісіп, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Рамазан айына дайындық, Бараат түнін қалай өткізу қажеттігіне де тоқталды. Ауызашар дастарханымен жалғасқан кездесуде викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің атынан ораза жөнінде ақпарат беретін кітапшалар табысталды.

Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі