Шағбан айының құрметіне орай ҚМДБ-ның Батыс облысы бойынша бас имамы Самат Әлібаев кеше Бәйтерек ауданының жамағатымен және тұрғындарымен кездесті.
Облыс имамына аудандық мешіттің бас имамы Мақсат Саматұлы аймақтағы дін саласында атқарылып жатқан істер жайлы баяндады.
Облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы аудан әкімі Марат Тоқжановтың қабылдауында болып, өңірдің діни ахуалы, қоғамдағы діннің рөлі және діни бірлестіктер жұмысын жетілдіру жайын талқылады.
Одан әрі Самат Қанатқалиұлы мектеп оқушылары мен ауданның жастарымен кездесті.
Кездесуде діннің тазалығы, жастар тәрбиесі, ата-анаға құрмет білдіру, елдік мақсатқа үлес қосу жайында әңгіме болды.
Аудандық кездесуде мешіттің жамағаттарымен дастархан басында жүздесіп, «Ынтымақ» турасында уағыз айтып, бірлікке шақырды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі