532 ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ЖАЛАҚЫ БЕРІЛУДЕ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында: «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Сондықтан біз де саннан сапаға көшуді мақсат тұтуымыз тиіс. Бұл ретте дін қызметкерлерінің жалақысын шешу аса маңызды істің біріне айналып отыр. Біз бұл мәселені кезең-кезеңімен шешеміз деген сенімдеміз» деп атап өткен болатын.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шешімімен 2023 жылдың басынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратынан облыстық өкілдіктерде жұмыс жасап жүрген жалпы саны 532 дін қызметкеріне жалақы берілуде. Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік  200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстаздары бар.