ҚМДБ-ның бастамасымен Орал орталық мешітінің бас имам Самат Әлібаевтың қолдауымен, алғыс айту күнінің қарсаңында Қажымұқан Ғилманов бастаған Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешітінің имамдары және «RUH-team»- оқырмандар клубымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған насихат жұмысын жүргізу үшін қаладағы «Қарттар үйіне»- барып қайттық.
Шарада ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналардың көңілдерін көтеріп қазақтың домбырасымен терме айтылып күй тартылды.
Ұйымдастырушы тараптан сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табыс етілді.
Пайғамбарымыз «Адамға рахыметі жоқтың, Аллаға шүкіршілігі жоқ»- деген, қарияларымыз кезінде елге, қоғамға қызмет жасап, көп пайдаларын тигізгені айдан анық.
Енді олар қартайған шағында, бастарына осындай қиындық келген кезде, ол адамдардың жасаған жақсылықтарын ұмыт қалдыру адамгершілік тұрғысынан дұрыс болмасы айдан анық.
Қариялардың тамағы тоқ, киімі бүтін, жататын жерлері таза, жылы бірақ… .
Бірақ көңілдері орта, сол орта көңілдерін көтеру үшін, ол адамдардың қоғамға әлі керек екенін, әлі ешкім оларды ұмытпағанын, оларды іздейтін, жақсы көретін адамдар бер екенін білдіріп алғыс айтып, көңілдерін көтеріп қайттық.
Бізді жылы қарсы алып қабылдаған мекеме басшысы Арман Даулетов мырзаға және қызметкерлеріне Алла разы болсын! ТДК-42 телеарнасына, RUH-team тобының жетекшісі Қуан Армат ұстазға алғысымыз шексіз. Қарияларымыз аман болсын, олар жыламасын, ешкім ол кісілерді жылатпаса екен!
Баспасөз қызметі