Бөкей-Ордасы аудандық мешітінің бас имамы Азамат Қанатұлы мешіт жамағаттарына дүниеден өткен адамды жуындыру, кебіндеу рәсімін іс жүзінде көрсетті.
Аудан имамы бұл рәсімнің жауапкершілігі мен әрбір мұсылман білуі маңызды екенін айтып, кеңінен түсіндірді.
Бұл сауапты амал туралы хадисте: «Егер адам іште көргендерін ешкімге айтпай, мәйітті арулап, кебіндесе, 40 үлкен күнәсі кешіріледі. Кім кебіндесе, Алла Тағала оған жаннатта барқыттан киім кигізеді. Кім қабір қазса, қияметке дейін бір міскінді үйлі еткен адамның сауабын алады», – дейді.
Имам мәйітті жуындыру, кебіндеу тәртібін ретімен көрсетіп, рәсім кезінде айтылатын дұғаларды үйретті.
Сонымен қатар, мәйітті шығарып салу кезінде Аллаға ұнамсыз, серік қосатын амалдардан алыс болуға шақырды.
Жамағат сұрақтар қойып, имамға алғыстарын жеткізді.
Қазіргі кезде рәсімді сүннетке сай орындайтын кебіншілер тапшы болғандықтан, үйрену үшін жамағатқа жие айтуды бастадым.
Бөкей-Ордасы аудандық мешітінің баспасөз қызметі