БҚО: Қала имамдарына семинар жүргізілді

«Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асылбеков Асхат Орал қаласының имамдарының білімін жетілдіру мақсатында халал стандарты бойынша дәріс оқыды. 

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың  ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, сертификатталған кәсіпорындарды қадағалаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, халал өнімдер дайындау технологиясы, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптары,  рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалар, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңызды тұстары ашып айтылды.

Семинар барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп,  аудандық жерлерде «QMDB Halal» стандартына сай қызмет көрсететін асханалар мен өзге де кәсіпорындар санын арттыруды тапсырды.

1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған