Бас имам қала мешіттерін аралады

Жуырда ғана ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы, «Орал» орталық мешітінің бас имамы қызметіне келген Самат қажы Әлібаев пен аталмыш мешіттің наиб имамы Ерденбек Ихсанов пен есепші Анар Шукина Тәжіден Батырұлы мен Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешіттерді аралап шықты.

Ондағы бас имамның мақсаты – қала мешіттерінің тыныс-тіршілігімен және ондағы дін қызметкерлерімен жақын танысу.

Жоғары аталған мешіттерінде болып, ондағы тыныс-тіршілікпен танысып, әрбір мешіттің ұжымдарымен жеке-жеке кездесу жиындарын өткізді.

Жиын барысында Самат Қанатқалиұлы осыған дейін атқарылып келген шараларды жандандырып, онан әрі біріге отырып жалғастыру қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, әр мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына, жұмыс тәртібіне аса мән беріп, имам деген атқа кір келтірмей соған сай елмен жақын болып, аянбай қызмет жасауға шақырды.

Қала имамдары мен қызметкерлермен емен-жарқын жүздесіп, ой-пікір алмасқан бас имам Самат Қанатқалиұлының жаңа қызметіне табыс тілеп, елдің бірлігі мен асыл дініміз исламның кең қанат жаюына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған