Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Қайтпай Сұлтан» мешітінде жамағатпен кездесті.
Жүзге жуық адам жиналған іс-шарада Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы «Отбасылық мәселелер және олардың шешімі» тақырыбында насихат айтып, жамағат тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.
«Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы- исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.
Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген.
Осыған қарап ақ, отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен.
Тағы да тағылым тұнбасы-хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген.
Ислам дінінде осылайша отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы реттелген» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.