Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлтық жобасы аясында «Әке отбасының тірегі» тақырыбында өткен Атырау облыстық ғылым-тәжірибелік Әкелер конференциясына спикер ретінде қатысты.
Конференция барысында Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов «Қазақ отбасындағы әкені құрметтеу» тақырыбында баяндама жасады.
«Әке – отбасының тірегі, асқар тау. Халқымыз қашанда әкенің отбасындағы мәртебесін жоғары қойған.
Бала бойындағы жақсы қасиеттері, жағымсыз әдеттері байқалса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. “Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала” деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал, әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Конференция аясында ұстаз Біләл Сағындықовқа Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың алғыс хаты табыс етілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.