ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕН МЫСЫР ЕЛШІСІ ИМАМДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал әл-Сайед Яхья әл-Шиннауи ханым имамдарға сертификат табыстады.

Салтанатты іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақстан және Мысыр Араб Республикасы арасында бағзы заманнан қалыптасқан тарихи байланыс бар. Аллаға шүкір, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи байланысымыз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қайта жаңғырды. Бүгінде Мысырдың Уақып министрлігімен, әл-Азһар университетімен, Пәтуа беру орталығымен әріптестік байланысымыз нығайып келеді. Қазақстанға бөлінетін білім грантын екі есеге ұлғайту туралы ұсынысымызды Әл-Азһар университеті қабыл алып, қолдау білдірген болатын» деп атап өтті.

Сондай-ақ Бас мүфти онлайн курс өткізген әл-Азһар ұстаздарына және дәрістерді өткізуге ұйытқы болған Мысыр Араб Республикасының Уақып министрлігіне және Қазақстандағы Елшілігіне алғысын білдірді. Өз кезегінде Манал әл-Шиннауи ханым имамдардың білімін жетілдіру мақсатында осындай игі іс-шараларға қолдау білдіруге әрқашан дайын екенін айтып, біліктілікті арттыру курстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының әл-Азһар университеті арасындағы екіжақты келісімге сәйкес, қазақстандық имамдар үшін 2 айлық онлайн-курс ұйымдастырылған болатын. Діни экстремизмге қарсы біліктілікті арттыруға арналған курсқа 76 имам қатысып, бүгін сертификатқа ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған