ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: ДІНИ БАСҚАРМА САЙТТАРЫНА 28 983 КОНТЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының интернет-ресурстарына 2022 жылы 28 983 контент жарияланды. Бұл туралы ҚМДБ Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

«Діни басқарманың www.muftyat.kz ресми сайтына 2551 материал салынды. Нақтырақ айтатын болсақ, 2209 жаңалық, 120 мақала, 52 сұрақ-жауап, 170 видео контент жарияланды. Ал өкілдіктерге қарасты сайттарда 26 432 материал жарық көрген. Мүфтияттың ресми сайтын 2022 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында 3 486 761 адам қарады. Тәулігіне тұрақты 11-13 мың оқырман, Рамазан мен Мәуліт айлары, Құрбан айт, Ораза айт мерекелерінде тәулігіне 35000, ең көбі 127 000 адам сайтты қараған» деді бөлім меңгерушісі.

Бүгінгі таңда Діни басқарма мен өкілдіктерге қарасты 872 әлеуметтік желі парақшасы жұмыс істеп тұр. Оларға 2022 жылы жалпы саны түрлі форматтағы 150 мыңға жуық контент жарияланды. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің төл мерекесі қарсаңында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Ізгілік жаршысы» тақырыбындағы мүфтият журналистерінің республикалық медиафорумы өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Бас редакторлар алқасы құрылды. Бұдан бөлек Елордада «Munara FM» интернет радиосы, «Munara TV» телеарнасының орталық студиясы іске қосылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған