16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік – бабалар аманаты” тақырыбында әйел жамағатына арналған рухани кеш өтті. Мақсаты: егемендік үшін от кешкен бабаларымызды еске алу, ұрпаққа жеткізген аманатын қастерлей отырып, жастарға тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру. Шара 3 бөлімді қамтыды. Әуелі бабалар рухына Хатым дұғасы бағышталып, уағыз-насихат айтылып, “Әл-Әзһария” ҚМ қыздарының қатысуымен Алаш қайраткерлерінің жырлары оқылып, еңбектері халыққа таныстырылды. “Желтоқсан оқиғасы” жайлы ақпараттық-танымдық видеороликтер көрсетіліп, елге, Отанға арналған жырлармен 1-бөлім аяқталды.
2-бөлімде бүгінгі таңда өзекті болған көкейкесті мәселе “ Адам қаншалықты Аллаға шынайы зікір етіп жүр?” деген сұрақты қамтитын Байғазиева Бақытгүл ұстаздың дәрісі өтті. Дәріс барысында Ибн Абидиннің “Радду әл-Мухтар” еңбегі бойынша “Зікір ету”, “Тәспі тарту” амалдық шарттары мен шариғи үкімдік негіздері қозғалды, түсіндірілді.
3-бөлімде мерекелік дастархан жайылып, тәуелсіздік жайлы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлық табысталды.
Баспасөз қызметі