БҚО: Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы С.Қ. Алибаевтың төрағалығымен қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарына арналған жиын өтті. Басқосуда бірқатар маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, мешіттердің дайындығы, тарауих намаздарын өткізу тәртібі, ауызашар рәсімдерін ұйымдастыру, қайырымдылық және әлеуметтік көмек шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері пысықталды.
Сонымен қатар жамағатқа қолайлы жағдай жасау, санитарлық-тазалық талаптарын сақтау, уағыз-насихат жұмыстарын күшейту бағытындағы нақты міндеттер айқындалды. Аталған жұмыстарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жоспар аясында жүзеге асыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, 16 ақпан күнгі Орал қаласы, Зашаған кенті аумағында бой көтерген 2000 орындық жаңа мешіттің ашылу салтанатына дайындық жұмыстары, оның ішінде мешіттің ашылу рәсімін жоғары деңгейде ұйымдастыру, қонақтарды күтіп алу, діни-рухани іс-шаралардың мазмұны мен тәртібі қоса талқыланды.