Қайырымды кәсіпкер мешітке жаңа Hyundai Tucson автокөлігін «Уақып» етіп табыстады

Орал қаласындағы облыстық орталық «Ар — Рахман» мешітіне жергілікті кәсіпкер су жаңа Hyundai Tucson автокөлігін «Уақып» қылып сыйға тарту етті. Жұма намазына жиналған жамағат алдында Батыс Қазақстан облысының Бас имамы Самат Қанатқалиұлы қызметтік автокөлік сертификатын мешіттегі дін қызметкерлеріне табыстады. Сондай-ақ Бас имам: «Бұл игі амал мешіттің қызметін жандандырып, діни-ағарту және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде атқаруға мүмкіндік бермек.

Мешіт ұжымы мен жамағаты атынан жомарт азаматқа шынайы алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала жасаған уақыбыңызды қабыл етіп, кәсібіңізге береке, отбасыңызға амандық нәсіп етсін,» -деп қызметтік көлік алуға демеуші болған «Шымкент жасыл қала» ЖШС директоры Ұлан Алдабергеновке алғыс хат табыстады