Ерекше жандарға құрмет – қайырымдылықтың белгісі

Бүгін “Тен қоғам” әлеуметтік қолдау орталығына барып, Зекет және қайырымдылық қорының бастамасымен және Ар-Рахман мешітінің ұйымдастыруымен қазан айы – қайырымдылық айы мен Ерекше жандар күніне орай кішігірім сыйлықтар табысталып, жылы жүзді кездесу өтті.

Кездесу барысында уағыз айтылып, қатысушыларға рухани насихат берілді.
Алла Тағала баршамыздың қайырымды істерімізді қабыл етсін!