Ардагер имамдар мерекелік медальмен марапатталды

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысында болған сапарында діни салада ширек ғасырдан астам өнімді еңбек етіп келе жатқан бірқатар ардагер имамдарды «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл» мерекелік медальімен марапаттады.

«Жуырда Астанада алтыншы рет имамдар форумын өткіздік. Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы құттықтауын жолдап, үлкен қолдау көрсетті. Президентіміз айтқандай, азаматтардың өзара сенімін нығайту және жауапкершілік, жанашырлық, әділдік сияқты қағидаттарды орнықтыру – қашанда басты міндет. Бұл ретте құрылғанына биыл 35 жыл толған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы маңызды рөл атқарады. Имамдар қоғамдағы игі бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғауға, отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге табысты түрде атсалысып жүр» деді Бас мүфти.