БҚО имамдары VI республикалық имамдар форумында

БҚО бас имамы Самат Қанатқалиұлы бастаған батыстық имамдар Астана қаласында өткен VI Республикалық имамдар форумына офлайн түрде, ал 20 дін қызметкері онлайн форматта қатысты.

Айта кетейік, 14-мамыр күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында VI Республикалық имамдар форумы өтті.

Игі шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Жұмабайұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ғұламалар және Сарапшылар кеңесінің мүшелері, медресе-колледждер мен қарилар орталықтарының директорлары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан онлайн және офлайн форматта 1000-ға жуық имам қатысты.

Форум бағдарламасына сәйкес «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы», «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» тұғырнамалық құжаттары қаралып, қабылданды. Басқосу соңында форум Үндеуі жарияланды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі