ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен, демеушілердің қолдауымен «Ар-Рахман» мешітінің қызметкеріне үлкен қажылыққа жолдама табысталды!
Қуанышпен хабарлаймыз! «Ар-Рахман» мешітінің шаруашылық қызметкері, көп жылдан бері адал еңбегімен көзге түсіп, мешіт ісіне үлес қосып жүрген Қади Жидебайұлы ағамызға биылғы үлкен қажылыққа арнайы жолдама тарту етілді.
Бұл — тек жеке қуаныш емес, бүкіл мешіт ұжымының, жамағаттың ортақ қуанышы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде:
«Кімде-кім Алла үшін жолға шықса, Алла оған жәннат жолын жеңілдетеді»,-деген.
Қажылық — мұсылман өміріндегі ең ұлы құлшылықтардың бірі. Бұл сапар — рухани тазару, тәубеге келу, иманды күшейту мүмкіндігі. Алла Тағала осы сапарды қабыл етіп, аман-есен барып келуді нәсіп етсін!

