Рамазан сыйы: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОН ҚАЛА МЕШІТТЕРІНДЕ ЖАЛҒАСУДА

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен бастау алған «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны Орал қаласы, «Ар — Рахман» орталық мешітінде жалғасын тауып, жалпы саны 100 отбасына азық — түлік таратылды. Игі шараға облыс бас имамы С.Қ. Алибаев қатысып, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта қаланың өзге мешіттерінде де өткізілуі жоспарлануда.