Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкілдігіне қарасты қала және ауданның бас имамдары жылды қорытындылады
Жиын Сырым ауданы әкімдігінің үлкен залында өтті.
Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы жиынды бастап, Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Мұратұлын таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.
Бас имам жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып қала, аудан имамдарының есебін тыңдады.
Жылдық есепте имамдар мүфтият бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты, оқу-ағарту, оңалту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мешіттердің ішкі жұмысы, қайырымдылық бағыттарында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Облыс имамдарының есебін тыңдаған Бақытжан Құралбайұлы қала, аудан мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп, алдағы жұмыстарды ортаға салды. Сонымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жеті жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысы негізінде жылдың үздік қала имамы Қажымұқан Ғилманов ( Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы), үздік ауданы имамы Тыным Қуан (Сырым ауданы),үздік ауыл имамы Қанат Абдрахманов( Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы), үздік наиб имам Қуандық Насыров (Айту ата мешіті), үздік азаншы Әзілхан Бисенғалиев (Тәжиден Батырұлы мешітінің азаншысы) анықталды.
Бас имамның алғыс хатымен Наурыз Убаев(Орал орталық мешітінің наиб имамы, Қуан Армат(Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы), Ерлан Кенжин(Батыр Тәжиденұлы мешітінің наиб имамы), Есенболат Абдуғалиев(Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы), Ерлан Әйтенов(Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы), Құлтөре Нажмитдинов(Тасқала аудандық мешітінің бас имамы) марапатталды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі